Талдықорған қаласында орналасқан №28 IT мектеп-лицейінде «Қауырсын қалам» тақырыбында 10 және 11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Шарада Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Журналистика кафедрасының қос мамандығы кең көлемде таныстырылып, болашақ студенттерге маңызды да мазмұнды ақпарат берілді. Журналистика кафедрасы мен аталған мектеп ұжымы бірлесе ұйымдастырылған кездесуге оқу ошағының 10 және 11сынып оқушылары қатысты. Оқытушы-дәріскер, магистр Ілескен Әлбатырұлы мен студент бола жүріп облыс орталығындағы түрлі БАҚ-та қызмет атқарып жүрген белсенді журналистер Жетісу универсиеті жайлы қызықты да тың жаңалықтармен бөлісті. Мамандар «Журналистика» және «Қоғаммен байланыс» мамандығына түсудің талабы, құжат жинау, шығармашылық емтиханға дайындық сияқты оқушылар біле бермейтін түйкіл мәселелерге арнайы тоқталып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Сондай-ақ болашақ талапкерлер журналистика саласының қыр-сырымен танысып, мамандықтың қоғамдағы орны мен жауапкершілігі туралы кеңінен мағлұмат алды. Шара барысында оқушылар көкейде жүрген сан сауалдарын ортаға салып, университет өкілдері тарапынан нақты әрі тұшымды жауапқа ие болды.

