І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жастар саясаты және Жаратылыстану-техникалық факультетінің ұйымдастыруымен өткен экологияға арналған «Жасыл хакатон – 2026» инновациялық идеялар сайысы жоғары деңгейде өтті. Аталған шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тың бастамаларды қолдау және жасыл технологияларды дамытуға үлес қосу болды.
Сайыс барысында 13 команда өздерінің экология, тұрақты даму, қалдықтарды қайта өңдеу, жасыл энергия және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытындағы жобаларын ұсынды. Қатысушылар идеяларын жан-жақты таныстырып, олардың практикалық маңыздылығы мен іске асу мүмкіндіктерін дәлелдеді. Әділқазылар алқасы жобаларды жаңашылдығы, әлеуметтік әсері және экологиялық тиімділігі бойынша бағалап, нәтижесінде үздік идеялар анықталды. Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және марапаттармен наградталды.
«Жасыл хакатон – 2026» сайысы жастардың шығармашылық әлеуетін ашып, экологиялық мәселелерді шешуге деген белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға үлкен серпін берді.

