«Бабалар дәстүрі – ұрпаққа аманат» шарасы өтті

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты тағылымды шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және студенттердің бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру.
Шара барысында «Белсенді өмір сүру» орталығының қарттары өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Олар М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, Е. Жүніс, сондай-ақ жергілікті ақын Ж. Немеребайдың сөзіне жазылған патриоттық, рухани-тәлімдік бағыттағы әндерді шырқап, Отан, туған жер, елдік пен бірлік тақырыптарында өлеңдер оқыды.

«Алтын қазына» хорының орындауындағы әндер ұлттық рухты асқақтатып, көрерменді ерекше әсерге бөледі.

Іс-шара барысында зейнеткер аға буынның патриоттық белсенділігі мен өмірге деген құлшынысы студент жастарға үлгі болды.

Олардың өнері мен өмірлік тәжірибесі жас ұрпаққа асқақ рух, жігер мен шабыт сыйлап, ұлттық мұраның қасиетті аманат екенін терең сезіндірді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant