Жаратылыстану-техникалық факультетінде «Start-Up Zhetysu – 2026» стартап байқауының алғашқы кезеңі өтті

Жаратылыстану-техникалық факультетінде «Start-Up Zhetysu – 2026» стартап байқауының факультетішілік іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға ғылым, технология және кәсіпкерлік салаларындағы бағыттарды қамтитын 16 инновациялық жоба ұсынылды.

Іріктеу нәтижесінде 10 үздік жоба университеттік кезеңге жолдама алды. Конкурстық комиссия құрамына кафедра меңгерушілері мен факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы кірді. Комиссия мүшелері жобаларды жан-жақты, объективті бағалап, одан әрі дамыту, тәжірибелік іске асыру және бизнес-модельдерін жетілдіру бойынша кәсіби ұсыныстар берді.

Аталған іс-шара студенттердің кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға, инновациялық ойлау қабілетін қалыптастыруға және перспективалы бастамаларды қолдауға бағытталған.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant