Студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы

2026 жылғы 10 ақпанда Жетісу университетінің Басқарма төрағасы — Ректоры Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге шығатын білім алушылармен кездесу өткізді. Іс-шараға шетел тілі мен аударма ісі, қазақ тілі мен әдебиеті, психология және педагогика, журналистика, жаратылыстану кафедрасының студенттері, оқытушылары мен меңгерушілері қатысты.

2026 жылдың көктемгі семестрінде университетіміздің Түркиядағы серіктес жоғары оқу орындары — Нийде Халесдемир университеті мен Ибрагим Чечен атындағы Агры университеті 9 бакалавриат студентін қабылдап, бір академиялық семестр бойы білім береді. Соның ішінде психология мамандығының 2-курс студенті Эразмус (Erasmus+ KA) бағдарламасы аясында толық қаржыландыруға ие болды. Кездесу барысында ректор Ермек Әбілтайұлы шетелдік ЖОО-да білім алудың маңыздылығы, оның мәдени дүниетанымды қалыптастырудағы рөлі туралы сөз қозғап, білім алушылармен сұхбат жүргізді және оларға сәт сапар тіледі.

Жетісу университеті Тіркеу офисы мен Халықарылық ынтымақтастық орталығының өкілдері академиялық ұтқырлық аясындағы маңызды мәселелерді талқылап, білім алушыларға қажетті нұсқаулықтар берді. Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында шетелде білім алып келген студенттер өз тәжірибелерімен бөлісті.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant