Химия және биология пәндері бойынша жас мамандарға арналған бірлескен облыстық семинар өтті

2026 жылғы 30 қаңтарда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану-техникалық факультеті, жаратылыстану пәндері кафедрасында
«Химия және биология пәндері бойынша жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және оқыту сапасын арттыру» тақырыбында бірлескен облыстық семинар өткізілді. Аталған семинар жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және білім беру процесіне заманауи педагогикалық технологияларды тиімді енгізу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында білікті ұстаздар мен тәжірибелі мамандар жас мамандарға арналған мазмұнды шебер-сыныптар өткізіп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Негізгі міндеттері:

  • жас мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
    • инновациялық оқыту технологияларын тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету;
    • зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың заманауи үлгілерімен таныстыру;
    • критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану арқылы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау;
    • педагогикалық тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Семинар жұмысына: химия және биология пәндерінің мұғалімдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар, білім беру ұйымдарында еңбек жолын енді бастаған жас мамандар қатысты.

Семинар барысында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімінің бас менеджері Асылова Р.О. және облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Бодауов М.Е. шебер-сынып өткізген тәжірибелі мамандарды марапаттау рәсімін жүзеге асырды.

AI Assistant