























Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әскери кафедрасында студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беру аясында Ашық есік күні өтті.
Шараға Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы мен Әскери полиция бөлімінің өкілдері, бөлім командирлері, Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры, әскери кафедра қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында студенттер әскери техникалар мен қару-жарақ түрлерін тамашалап, кафедраның оқу-материалдық-техникалық базасымен, оқу-жаттығу және саптық алаңдарымен танысты. Сондай-ақ қызметтік иттердің көрсетілімін көрді. Атыс дайындығына арналған тренажерлық кешендерді аралады.
Тәжірибелі әскери қызметшілер студенттерге әскери мамандықтың стратегиялық маңызын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді және жас буынды Отанды қорғауға, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.
Ашық есік күніне университеттің алты факультетінен 160-тан астам студент қатысты.
#SDG #ЦУР #ТДМ

