«Жастардың психикалық денсаулығы» командалық тренинг

Университеттің Психологиялық қолдау көрсету қызметі Педагогика және психология факультетінің студенттеріне арналған «Жастардың психикалық денсаулығы» тақырыбында командалық тренинг ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту, тиімді қарым-қатынас орнату және бірлескен шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ психикалық денсаулық мәселесіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Тренинг барысында қатысушылар топтық бірлікті нығайтуға, сенім мен өзара қолдауды дамытуға бағытталған практикалық жаттығулар орындады. Студенттер белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізіп, қызығушылықпен қатысты.

Іс-шара жылы, серпінді атмосферада өтті.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant