«Заң және тәртіп»

2026 жылдың 12 ақпанында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті қабырғасында «Заң және тәртіп» тақырыбында Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушы-дәріскері Г.Мурсакимова кураторлық сағат ұйымдастырды. Іс-шараға «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының АЖҚ211, АЖПқ211 топ білімгерлері қатысты.

Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары, білімгерлердің құқықтары мен міндеттері, академиялық адалдық қағидалары және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және цифрлық ортадағы жауапкершілік тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Білімгерлер өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Ашық форматта өткен кураторлық сағат студенттердің құқықтық мәдениетін нығайтуға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

AI Assistant