2026 жылғы 16 ақпанда физика-математика факультетінде «STARTUP ZHETYSU — 2026» инновациялық идеялар мен жобалар конкурсының факультетішілік кезеңі ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту және перспективалы жобаларды қолдау.
Конкурс жұмысына комиссия құрамында Ибраимов А.С., Ахметов Ж.У., Абдулаева А.Б., Ахмет Қ. қатысты. Іріктеу кезеңінде барлығы 19 жоба қарастырылып, олардың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы сарапталды.
Ұсынылған жобалар білім беру, ақпараттық технологиялар, цифрландыру және қолданбалы ғылым бағыттарын қамтыды. Қатысушылар өз идеяларын таныстырып, сарапшылар тарапынан тиісті ұсыныстар мен кәсіби пікірлер алды.
Конкурс нәтижесі бойынша үздік жобалар келесі кезеңге жолдама алып, әрі қарай қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады.




