Сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде 03.11.2025 ж. – 28.11.2025 ж. аралығында Гданьск университетінің (Польша, Гданьск қ.) география ғылымдарының хабилитацияланған докторы, профессор Jan Andrzej Wendt І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде дәрістер өткізуде.
Профессор 7M01506 – «География» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарына (Гпм211 тобы) «Ecological and Geographical Expertise» пәні бойынша сабақ өткізді. Бұл курс магистранттарға экологиялық-географиялық сараптама саласындағы заманауи ғылыми әдістерді меңгеруге бағытталған. Курстың негізгі мақсаты білім алушылардың табиғи және антропогенді кешендерді бағалау дағдыларын, сондай-ақ кеңістіктік деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістерін жетілдіру, экологиялық-географиялық үрдістерді сараптау қабілетін дамыту.
Сабақ барысында магистранттар экологиялық және географиялық зерттеулерде қолданылатын халықаралық тәжірибелермен, аналитикалық және геоақпараттық құралдармен танысады. Бұл тәжірибе оларға қазіргі заманғы географиялық сараптама саласында кәсіби құзыреттерін арттыруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және өздерінің болашақ ғылыми жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Профессордың дәрістері қазіргі география ғылымындағы теориялық білім мен практикалық дағдыларды үйлестіріп, магистранттардың кәсіби және ғылыми әлеуетін кеңейтеді, әрі халықаралық тәжірибе алмасуға жол ашады.

