«Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы семинар

Дене шынықтыру және өнер факультетінің спортшы студенттеріне «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Допингті анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі: хабарламадан бастап заңдық фактіге дейін» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Б.Сериев ашып, студент-жастар арасында заң талаптарын сақтау мен адал спорт қағидатын ұстанудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ Дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы Утегенов Ерлан Казбекович кәсіби спорттағы жауапкершілік пен допингке қарсы мәдениеттің рөліне тоқталды.

Семинар барысында Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушы-дәріскері, м.ғ.к., Г. Галиева «Допингті анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі: хабарламадан бастап заңдық фактіге дейін» тақырыбында баяндама жасады.

Астана олимпиадалық даярлау орталығының маманы Э. Сагындыкова «Қазіргі спорттағы допингке қарсы бақылау» мәселелері бойынша түсіндірме берді. Ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жетісу университетінің түлегі С. Седов спортшылардың денсаулығын сақтау және қалпына келтіру жөнінде кеңес айтты. Сонымен қатар кездесуге дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Джиу-джитсу спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері С. Сарсенұлы қатысып, спорттағы адалдық пен жауапкершілік тұрғысында тәжірибесін ортаға салды.

Семинар соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, допингке қарсы талаптарды сақтау, құқықтық жауапкершілік және таза спорт қағидаттарын ұстану мәселелері кеңінен талқыланды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant