Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Жабықбаева Д. жетекшілігімен Талдықорған қаласындағы №2 орта мектеп пен №12 орта мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушылар кафедраның білім беру бағыттарымен, шетел тілдерін оқыту мен аударма ісінің ерекшеліктерімен, сондай-ақ түлектердің болашақ кәсіби мүмкіндіктерімен танысты. Кафедра өкілдері оқуға түсу талаптары, оқу үдерісі және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Өткізілген кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етті.

