Қазақ тілі мен әдебиеті ББ ҚТӘ 112 тобының студенттері Муратова Асем мен Нұрсалықова Мөлдір «Мұғалім кәсібіне кіріспе» практикасы аясында ата-аналармен жиналыс өткізді. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісімен таныстыру, оқушылардың білім сапасын арттыру жолдарын талқылау және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі, сыныптағы психологиялық ахуал және тәрбиелік бағыттағы жұмыстар сөз болды. Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Кездесу өзара түсіністік пен белсенді талқылау жағдайында өтті.
