ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР ЖАРАДЫ

Журналистика кафедрасының «Журналистика» және «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын ЖҚ111, ЖҚ112 және ҚБҚ111 студенттері оқу практикасын сәтті қорытындылады. 2026 жылдың 19 қаңтары мен 14 ақпан аралығында өткен практика барысында білім алушылар Жетісу университетінің оқу-телестудиясы, радиостудиясы және Имидждік саясат орталығы базасында кәсіби ортаға бейімделді.  Аталған үш мекемеге жолдамамен жіберілген білімгердің әрқайсысы кемінде 2-3 ақпараттық материал дайындап, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, білігін арттыруы қажет. Бір айға жуық уақыттың нәтижесі бойынша ұйымдастырылған қорытынды конференцияға гуманитарлық факультет деканы Р. Желдібаева, университеттің оқу бөлімінен арнайы келген маман А. Қойшыманова және кафедра ұжымы толық қатысты. Жас журналистер мен PR мамандары өздеріне жүктелген алғашқы оқу практикалық жұмыстары туралы бейне материал, радио хабар және имидждік тақырыпта түсірілген жұмыстарын қорғады. Өздері жолыққан қиындық пен сәтсіздіктер туралы баяндап, аталған кезеңнің өздері үшін үлкен мектеп болғанын жарыса жеткізді. Қорытынды шараға қатысушылар студенттердің алғашқы қадамдарына жоғары баға беріп, тәжірибенің мазмұнды әрі нәтижелі өткенін атап өтті.

AI Assistant