







І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ұлттық зияткерлік меншік институтының өкілдерінің қатысуымен «Өнертабысқа өтінім беру, құқықтық қорғау және патенттік іздеу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесі ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты — университет қызметкерлері арасында өнертабысқа өтінімдерді дайындау және беру, оларды құқықтық қорғау, сондай-ақ патенттік іздестіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ұлттық зияткерлік меншік институты, Технологиялар мен инновацияларлы қолдау орталығы, Патенттік зерттеулер және үйлестіру бөлімінің басшысы Ұ.Шалабаева технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының қызметі туралы айтып, өтініш берушілерге бағыт-бағдар берді.
Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді ресми сараптау басқармасының бас сарапшысы Г. Кылышбаева патент алуға өтінім беру, сондай-ақ өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау мәселелерін баяндады. Физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Ш. Алимбеков патенттік іздестіру жүргізу тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шараға университет қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Семинар барысында қатысушылар зияткерлік меншік нәтижелерін қорғау мәселелері бойынша өзекті сұрақтарға жан-жақты жауап және практикалық ұсыныстар алды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

