«Зорлық-зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік»

Бүгін Педагогика және психология факультетінің студенттері арасында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Зорлық-зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік» тақырыбында кездесу өтті. Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру.

Кездесуді факультет деканы Ерлан Хаймулданов ашып, жиынның өзектілігіне тоқталды. Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев жастар тәрбиесі мен құқықтық жауапкершілік туралы баяндама жасады.

Талдықорған қалалық полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Айнұр Қағазбекова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берді.

Жетісу облысы бойынша «Таулы Қарабақ» ардагерлерінің төрағасы, Алматы облысы заңгерлік палатасының мүшесі Айдарбек Намазбаев құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Талдықорған қаласының «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ психологы Индира Ибраимова психологиялық қолдау көрсету тетіктеріне тоқталды.

Іс-шара соңында студенттер сұрақтарын қойып, ашық форматта пікір алмасты.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant