










Университеттің Психологиялық қолдау қызметі мен SanaLab студенттік клубы психолог-ментор, «Улыбка» цирк студиясының режиссері, пауэрлифтингтен Қазақстанның екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Миньковпен «Оқулықтан тыс психология: өмірге үйрететін сабақтар!» атты кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттер қиындықтарды қалай еңсеру керектігін, тұлғаның ішкі күшінің қалай қалыптасатынын, мақсат қою және оған жету жолдарын білді.
Қонақ студенттерді тұлғалық тұрақтылыққа, өзін-өзі бағалауды арттыруға және интеллектуалдық дамуға жігерлендірді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

