«Мемлекеттік тіл-саяси иденттілік мәселесі»

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері Н.Ермекова, 19-шы ақпан 2026 жылы, 2 курс білімгерлері, ИҚ211(IP) тобымен «Мемлекеттік тіл-саяси иденттілік мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны, ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі және тіл саясатының қазіргі бағыттары талқыланды. Негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің саяси және қоғамдық бірегейлікті нығайтудағы маңызын түсіндіру, оның қолданылу аясын кеңейту жолдарын қарастыру және қоғамда тілге деген жауапкершілікті арттыру болды. Студенттер тілдің ел бірлігін сақтаудағы стратегиялық рөліне тоқталып, мемлекеттік тілдің беделін көтеру, оны білім беру, мемлекеттік қызмет және қоғамдық коммуникация салаларында тиімді қолдану жөнінде ұсыныстар айтты. Іс-шара қорытындысында мемлекеттік тілді дамыту- ұлттық тұтастықты нығайтудың негізгі факторларының бірі екені атап өтілді.

AI Assistant