Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

Бүгін Жаратылыстану-техникалық факультетінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Ауған соғысының ардагерлерімен жастардың кездесуі өтті. Кездесу – жастардың құқықтық санасын арттыруға, патриоттық рухын күшейтуге және мемлекет алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.

Кездесу барысында Ауған соғысының ардагерлері – Қайрат Джанабаев пен Сембай Тыныстанов білімгерлермен әңгімелесіп, өмірлік тәжірибесімен, әскери қызметтегі естеліктерімен бөлісті. Шараның негізгі мақсаты – «Заң мен тәртіп» қағидаттарын жастар санасына сіңіру, ел қауіпсіздігі мен қоғамдық тұрақтылықтың маңызын түсіндіру, сондай-ақ отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін нығайту.

Ардагерлердің шынайы әңгімелері білімгерлерге терең әсер қалдырды. Олар қиын кезеңдердегі табандылық, батылдық және елге деген адалдықтың маңызын ерекше атап өтті.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant