Ахмет Байтұрсынұлы: инновациялық тәсілдермен өткізілген ашық сабақ

2026 жылғы 19 ақпанда №7 орта мектепте 6В01601 «Тарих» білім беру бағдарламасының ТҚ-411 тобының студенті Жұмәділ Қаламқас өндірістік практика аясында 8«Ә» сыныбында «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ топтық және жұптық жұмыс түрінде ұйымдастырылды: оқушылар топқа бөлініп, сыни ойлау мен тарихи сананы дамытуға бағытталған танымдық және талдамалық тапсырмаларды орындады. Сабақ барысында студент сабақ құрылымын жоспарлау, уақытты тиімді бөлу және сыныппен нәтижелі кері байланыс орнату қабілетін көрсетті. Сабақта заманауи инновациялық және цифрлық білім беру технологиялары, соның ішінде жасанды интеллект құралдары кеңінен қолданылды. Бұл оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, оқу материалының көрнекілігін қамтамасыз етіп, ақпаратты өз бетінше іздеу мен талдауға мүмкіндік берді. Аталған технологияларды тиімді пайдалану сабақтың әдістемелік және ұйымдастырушылық деңгейінің жоғары болуына ықпал етті.

Ашық сабаққа педагогикалық практика жетекшісі — мектеп директоры Розакова Инкар Мадьяровна, мектеп мұғалімдері,әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Касымова Назым Бизолдаевна қатысып, сабақтың әдістемелік тұрғыдан жүйелі жоспарланғанын және жаңартылған білім беру мазмұны талаптарына сәйкес өткізілгенін атап өтті.

AI Assistant