Ағылшын тілі курстарындағы интеллектуалды ойын

Білім алушылардың ағылшын тілі дағдыларын жетілдіру, командалық өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру, сыни ойлауды дамыту және ағылшын тілін практикалық жағдайларда қолдану қабілетерін арттыру мақсатында Құзыреттер және қосымша білім беру орталығында ағылшын тілі курстары тыңдаушылары арасында зияткерлік ойын өткізілді. Ойын 2026 жылғы 18 ақпанда тимбилдинг форматында ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара орталық базасында өндірістік практикадан өтіп жатқан «Аударма ісі» мамандығының 3-курс студенттерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, командада жұмыс істеу қабілетін және ортақ нәтижеге қол жеткізуге деген ұмтылысын көрсетті. Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды, сондай-ақ үздік ойыншылар марапатталды.

Іс-шара форматы қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға және ағылшын тілін одан әрі меңгеруге деген ынтаны арттыруға ықпал етті.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant