


Жаратылыстану-техникалық факультеті Жетісу облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығымен бірлесіп «География пәнінен білім алушыларды олимпиадаға дайындау және есеп шығару әдістері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді. Оған аудандардан 32 пән мұғалімі, әдістемелік орталық мамандары және университеттің қауымдастырылған профессоры, г.ғ.к., Еркін Тоқпанов қатысты.
Семинарда әдістемелік орталықтың әдіскері Ғалымжан Диханбаев «География пәнінен олимпиадаға дайындау –педагогтың пәндік құзіреттілігін дамытудың бір жолы», М. Арын атындағы облстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің география пәнінің мұғалімі М. Абаева «STEAM білім беру негізінде оқушыларды география пәнінен олимпиадаға дайындау әдістері», г.ғ.к., қауымдастырылған профессор Е.Тоқпанов «География пәнінен олимпиада тапсырмаларын дайындау және тәжірибелік есептер шығарудың тиімді әдістері», Талдықорған қаласындағы Ушинский атындағы 7 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Ш.Жұмағалиева «Оқушыларға география пәнінен олимпиада тапсырмалары мен есептер шығару жолдарын ұсыну» тақырыбында баяндама жасады.
Спикерлер пән мұғалімдеріне талдау, жинақтау, бағалау, үлгілеу, болжау деңгейлерінде шығармашылық тапсырмалар арқылы тренинг жүргізді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

