




І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған 30 іс-шара аясында 2 курс білімгерлері арасында «Aqyl Battle: Mastermind» интеллектуалды сайысы өтті. Сайысты кафедра оқытушылары Г. Омарбекова мен М. Жұмахан ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – білімгерлердің сыни және креативті ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс дағдыларын жетілдіру.
Интеллектуалды сайыс 4 кезеңнен тұрды:
1-кезеңде әр команда өз атауы мен ұранын таныстырды.
2-кезеңде «Code Breakers» ойыны арқылы қатысушылар сөздердің синонимдерін табу тапсырмасын орындады.
3-кезең – квест ойыны. Студенттер құпия тапсырмаларды орындап, логикалық және тілдік қабілеттерін көрсетті.
4-кезеңде сөздердің синонимдерін табу арқылы сөздік қорларының мол екенін көрсетті.
Интеллектуалды сайыста әр топ өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде:
І орын – ШТҚ 213 тобы
ІІ орын – ШТҚ 212 тобы
ІІІ орын – ШТҚ 211 және ИЯР 211 топтары иеленді.
Сайыс соңында кафедра меңгерушісі Д. Жабыкбаева мен Бронвин Шиберге студенттерді арнайы сертификаттармен марапаттады.
#ЦУР #SDG #ТДМ

