Хабарландыру!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2026 жылғы 27 ақпанда сағат 12:00-де Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллектіні ғылыми зерттеулерде тиімді әрі этикалық қолдану» атты онлайн ғылыми семинар өтеді.

Спикер – Қайрат Молдашев, «SDU» университетінің қауымдастырылған профессоры, «Идеядан жарияланымға дейін» кітабының авторы, жасанды интеллект және ғылыми зерттеулер жүргізу саласында белгілі сарапшы.

Семинар барысында зерттеу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде жасанды интеллектіні қолданудың заманауи тәсілдері қарастырылып, академиялық адалдық талаптары, ғылыми стандарттар және этикалық тәуекелдердің ескерілу мәселелері талқыланады.

Аталған шараға қызығушылық танытқан ғалымдар мен зерттеушілерді қатысуға шақырамыз.

«Zoom» сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/j/7793949401?pwd=jaxeRuliXZSgE1xLOQjzMpIRrdf85N.1

«Zoom» идентификаторы: 779 394 9401.

Кіру коды: 8888.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant