«І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ 2026 жылғы 09 сәуірде ғылым онкүндігі аясында мектеп оқушылары арасында өтетін ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова атындағы «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауына шақырады.
Ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова атындағы «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру; шығармашылық және инновациялық жобаларды қолдау; тіл үйрену үдерісіне заманауи технологияларды енгізу; жас өнертапқыштардың, зерттеушілердің және болашақ лингвистердің әлеуетін дамыту; ұлттық және халықаралық деңгейде тіл мәдениетін насихаттау.
Инновациялық жобалар байқауының өткізілу форматы: офлайн.
Ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова атындағы «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауына қатысу туралы өтінім 2026 жылғы 27 наурызға дейін gt.chukenaeva@gmail.com поштасына жолдануы тиіс.
Инновациялық жобалар байқауы барысында оқушылардың жетекшілері үшін «Жасанды интеллект және академиялық жазылым: мүмкіндіктері мен даму бағыттары» атты ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылады.
Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 87071155086, 87750050551
«Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының ережесі
#SDG #ЦУР #ТДМ

