25 ақпан күні 2026 жылы 6В01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасының 3 курс ТҚ-311, ИСР-311 топ білімгерлеріне арналған педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өткізілді. Аталған конференция педагогикалық практика кезеңін қорытындылау, білімгерлердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау және тәжірибе нәтижелерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Қорытынды есепті қорғау барысында білімгерлер мектеп базасында өткізген оқу сабақтарының құрылымы мен мазмұнын, қолданылған инновациялық педагогикалық технологиялар мен интербелсенді әдістерді, тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерін жан-жақты саралады. Сонымен қатар, оқу үдерісінде туындаған кәсіби қиындықтар мен оларды шешу жолдары талданып, педагогикалық рефлексия жүргізілді.
Конференция аясында білімгерлер пәндік-әдістемелік даярлығының деңгейін, сыныппен жұмыс жүргізу дағдыларын және болашақ мұғалім ретіндегі кәсіби жауапкершілігін нақты деректер мен тәжірибелік мысалдар арқылы дәлелдеді. Жиын соңында практика жетекшілері тарапынан әдістемелік ұсыныстар беріліп, білімгерлердің әрі қарайғы кәсіби қалыптасуына бағытталған қорытынды пікірлер айтылды.




