Жасанды интеллект семинар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 27 ақпанда «Жасанды интеллектіні ғылыми зерттеулерде тиімді әрі этикалық қолдану» атты онлайн ғылыми семинар өтті. Оған университеттің профессор-оқытушылар құрамы, зерттеушілер мен білімгерлер қатысты. Онлайн ғылыми семинарға қатысушылар саны 250 адамды құрап, алғаш рет тікелей көрсетілім 2 оқу ғимараты мен 3 мәжіліс залында қатар өтті.

Семинар спикері – Қайрат Молдашев, «SDU» университетінің қауымдастырылған профессоры, бірқатар ғылыми журналдардың редакторы, жасанды интеллект және жаңа технологиялар саласындағы тәжірибелі сарапшы.

Жиын барысында зерттеу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде жасанды интеллектіні қолданудың заманауи тәсілдері мен әдістері қарастырылып, академиялық адалдық талаптары, ғылыми стандарттар және этикалық тәуекелдерді ескерілу мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, «MethodMate» платформасындағы валидтелген промпттарды пайдалана отырып, зерттеушінің өнімділігін арттыру, нәтижелердің сенімділігін тексеру, дереккөздермен жұмыс, «галлюцинация» қаупін азайту және жасанды интеллектінің зерттеу дағдыларының дамуына ықпалын түсіну мәселелеріне ерекше назар аударылды. Талқылау барысында спикер жасанды интеллектіні зерттеу жұмыстарында қолданудың келешегі және ескерілетін әдіснамалық мәселелер жайлы айтты.

Шараға қатысушылар жасанды интеллект құралдарының ықпалы, жаңа технология арқылы өнімдерді даярлау, тың зерттеу тақырыптарын табуға байланысты түрлі сауалдарын қойды.

 Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөніндегі проректор А.С. Бахтаулова аталған саланың өзектілігіне тоқталып, Қайрат Болатұлына ауқымды ақпараты үшін алғыс білдірді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant