Ілияс Жансүгіров рухына тағзым

26 ақпан — ақын, прозаик, драматург, сатирик, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының алғашқы төрағасы, сан қырлы дарын иесі Ілияс Жансүгіровтің атылған күні. Қазақ поэзиясының Құлагерін еске алу кеші Ғ.Орманов атындағы Жетісу университетінің кітапханасында өткізілді. «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор М. М. Иманғазинов ақын өмірінен тың деректер келтіріп, бейнефильм көрсетті. Гуманитарлық факультет деканы, философия докторы (PhD) Р.С.Желдібаева мен тарихшы-ғалым Е. О. Буланов Ілияс мұрасына қатысты ойларын ортаға салды. «Ардагер әжелер» ансамбілінің әншісі Шара Әбілдаева Ілиястың өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады. Қазақ тілі мен әдебиеті ББ ҚТӘ 212 тобының студенттері ақынның жырлары мен арнауларын оқыды.

AI Assistant