Ғылыми семинар ұйымдастырылды

2026 жылғы 4 наурызда Жетісу университетінде «ХІХ–ХХ ғғ. тоғысындағы Жетісу облысындағы қазақ аудармашылары: отарлық билік тұсындағы қоғамдық қызметтері» атты ғылыми семинар өтті. Спикер ретінде Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, философия докторы (PhD) Абдрахим Мирас Еркінұлы болды.

Семинар барысында баяндамашы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезеңінде Жетісу өңірінде қызмет еткен қазақ аудармашыларының әкімшілік жүйедегі қызметтері мен қоғамдағы орны туралы тың мәліметтер ұсынды. Ол архивтік деректерге сүйене отырып, аудармашылардың отарлық басқару аппараты мен жергілікті халық арасындағы байланысты қамтамасыз етудегі рөлін, олардың кәсіби даярлығы мен әлеуметтік мәртебесін талдады.

Іс-шараға гуманитарлық факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты. Пікір алмасу барысында қатысушылар қазақ аудармашыларының қос тілді және қос мәдениетті меңгеруі олардың аймақтың саяси және әлеуметтік үдерістеріне ықпал етуіне мүмкіндік бергенін атап өтті.

AI Assistant