2026-2027 оқу жылының 1-ші семестрінде академиялық ұтқырлықты қаржыландыру конкурсы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2026-2027 оқу жылының 1-ші семестрінде бакалавриаттың 1-2 курс білімгерлері арасында академиялық ұтқырлық шеңберінде әріптес шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға конкурс жариялайды. ҚР ҒЖБМ қаржыландыруы визалық шығындарды, тұру, сақтандыру және консулдық алымдардың шығындарын өтейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:

  • GPA 3.0-ден жоғары;
    • Ағылшын тілін меңгеру деңгейі В2-ден төмен емес (кем дегенде IELTS 5.5/ TOEFL 46);
    • Өтініш беру кезінде 1,2 курста оқу.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізімін ұсыну қажет:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен бекітілген нысан бойынша білім алушының өтініші (қоса беріледі);
  2. Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы (қоса беріледі);
  3. Ата-анасынан алынған қолхат (қоса беріледі);
  4. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының және жеке куәлігіның көшірмесі;
  5. № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін)
  6. Ағымдағы үлгерім туралы транскрипт (Тіркеу офисінен алу қажет);
  7. Шет тілін білу деңгейін растайтын құжат: IELTS сертификаты (кем дегенде 5,5) немесе TOEFL сертификаты (кем дегенде 46);
  8. Факультет деканының және кафедра меңгерушінің ұсыныс хаты;
  9. Уәждемелік хат (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде);
  10. Таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда);
  11. Студенттің көп балалы отбасынан екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат (болған жағдайда);
  12. Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін, болған жағдайда);
  13. Студенттің мүгедектігін растайтын құжат (болған жағдайда);
  14. 3*4 сурет – 4 дана

Құжаттарды университет кеңсесінің мекенжайына «Академиялық ұтқырлық конкурсына қатысу үшін» белгісімен жіберу немесе egov.kz электрондық сайт арқылы жіберу қажет. Кеңсенің пошталық мекенжайы: Талдықорған қаласы, 040009, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті.

Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарына өтінім беру мерзімінің шектеулі болуына байланысты құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірге дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады. Қосымша сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз, 309 кабинет, бас ғимарат (email:intercenter@zu.edu.kz).

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant