














Жетісу университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Акерке Абылайхан, Жетісу облыстық Полиция Департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Мадина Абдушева, Кинология қызмет орталығының аға инспекторы-кинологы, полиция капитаны Мақсат Маметжанов, инспектор-кинолог, полиция кіші лейтенанты Айдос Ерузаков және полиция аға сержанты, кіші инспектор-кинолог Мейрамбай Толеубеков қатысты.
Жиында университет ректоры Ермек Бөрібаев кәсіби білім мен заң тәртібінің маңыздылығын атап өтті.
Кездесуде Кинологтар қызметтік иттердің жұмысының ерекшелігін көрсетті. Флинт және Дю-Блонд есімді қызметтік иттер практикалық көрсетілім барысында есірткі заттарын табу миссиясын сәтті орындады.
Сондай-ақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, Мадина Абдушева студенттерге есірткі заттарының түрлері, олардың адам денсаулығына тигізетін кері әсері туралы айтты.
#SDG #ЦУР #ТДМ

