«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған!» салтанатты кеш

Бүгін Б. Римова атындағы академиялық драма театрында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған!» атты салтанатты жиын өтті.

Мерекелік кеште І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев университет ұжымындағы әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ғылым мен жоғары білім саласында қажырлы еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегіне жоғары баға берді. Шаңырақтың шырағы, берекенің бастауы, ізгіліктің қайнар көзі болған аналар мен арулардың қоғамдағы маңызын атап өтті.

Салтанатты жиында қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Университеттің шаруашылық бөлімінің қызметкерлері Майра Нуралинова, Гульнар Шаянбаева, Гульзат Терликбаева және Акмарал Мырзахановаға Ректордың «Құрмет грамотасы» берілді.

Сонымен қатар қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарып жүрген Раиса Смакова, Шамзия Жолтабарова, Гульмира Кызайбекова және Жанар Кенджегулова университет басшылығының «Алғыс хатына» ие болды.

Әйелдер қауымына деген құрметтің жарқын көрінісіне айналған мереке концерттік бағдарламаға ұласты.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant