ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЖАЗУ ШЕБЕРЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Бүгін Журналистка кафедрасының оқытушы-дәріскері Ілескен Әлбатырұлының ұйымдастыруымен ЖҚ 111 және ЖҚ 112 топ студенттерімен «Рецензия және әңгіме» атты ашық сабақ өтті. Негізгі мақсаты – білімгерлерге талдамалы жанрдың ерекшелігін танытып, әңгіме мен рецензия жазудың қыр-сырын түсіндіру.   

Сабақ барысында әңгіме жанрының құрылымы, тақырып пен идеяның үйлесімділігі, оқиға желісін жүйелі жеткізу жолдары туралы кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар рецензия жазудың талаптары, шығармаға сыни көзқарас білдіру және талдау жасаудың маңыздылығы атап өтілді. Дәрісте оқытушы-дәріскер аға буын қаламгерлерінің әңгімелерінен үзінділер оқып, олардың жазу стилі мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталды. Сондай-ақ өз қаламынан туған шығармаларынан да мысал келтіріп, студенттерге шығармашылық ізденістің маңызын түсіндірді. Бұл білімгерлерге көркем мәтін жазудың әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде ұғынуға мүмкіндік берді.Сабақ соңында студенттер өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікір алмасты. Мұндай ашық сабақ жас журналистердің шығармашылық қабілетін дамытып, болашақта кәсіби тұрғыда қалыптасуына ықпал ететіні сөз болды.

AI Assistant