«Алаш идеясы және Әлихан Бөкейханов мұрасының тарихи маңызы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

6В01601 – Тарих білім беру бағдарламасының ТҚҚ 231 тобының білімгері Дәрібай Ғалымжан Серікжанұлы педагогикалық практика аясында Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушыларымен «Алаш идеясы және Әлихан Бөкейханов мұрасының тарихи маңызы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Іс-шараға практика жетекшісі – Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, тарих ғылымдарының кандидаты Буланов Ержан Олжабайұлы қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Әлихан Бөкейхановтың тарихи тұлғасын терең таныту, Алаш мұрасының тарихи маңызын түсіндіру және оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту.

Конференция барысында ұлт көсемінің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған арнайы бейнеролик көрсетілді. Оқушылар өздеріне берілген тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамаларын ұсынып, тарихи тұлғаның қызметі мен Алаш қозғалысының маңызы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар, тарих ғылымдарының кандидаты Ержан Олжабайұлы оқушыларға Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы қосымша мәліметтер беріп, олардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, пікір алмасу арқылы кері байланыс орнатылды.

Шара соңында баяндама жасаған оқушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

AI Assistant