2026 жылдың 12-наурызында 6В01707 — Қазақ тілі мен әдебиеті (IP) білім беру бағдарламасы студенттерінің педагогикалық-психологиялық практикасы бойынша қорытынды конференция өтті. Мақсаты – студенттердің практика барысында жинақтаған тәжірибесін талқылау, білім беру ұйымдарында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін қорытындылау және болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Конференцияға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, практика жетекшілері мен ҚТӘ 211 және ҚТӘ 212 тобының студенттері қатысты. Іс-шара барысында студенттер өздерінің практика кезеңінде жүргізген психологиялық-педагогикалық бақылаулары, зерттеу нәтижелері, сыныппен және оқушылармен жүргізілген тәрбиелік жұмыстар туралы баяндамалар жасады. Сонымен қатар білім беру процесінде қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологиялар талқыланды. Конференция барысында қатысушылар өздерінің кәсіби дамуына ықпал ететін ұсыныстар мен пікірлер білдірді. Практика жетекшілері студенттердің белсенділігі мен жауапкершілігін атап өтіп, олардың кәсіби қалыптасуына жоғары баға берді.

