

«STARTUP ZHETYSU — 2026»
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ – ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ
2026 ЖЫЛҒЫ 17–18 НАУРЫЗ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ.
Жобаларды қорғау 2026 жылғы 17 наурызда сағат 10:00-де басталады. Түскі үзіліс 13:00–14:00 аралығында қарастырылған.
Қорғау 17–18 наурыз күндері 10:00–12:20 және 14:00–16:30 уақыт аралығында өтеді. Әр күнге барлығы 28 жоба жоспарланған.
Әр жобаға 10 минут уақыт беріледі, регламенттің қатаң сақталуы міндетті.
Жобаларды қорғауда төмендегілерді ескеру қажет:
- Жобаның мақсаты мен міндеттері;
- Түйінді ойлары, жүзеге асырудың негізгі кезеңдері, жобадан күтілетін нәтижелер (нақты инновациялық өнім);
- Жобаның инновациялылығы;
- Бизнес құрамдас бөлігі;
- Бәсекелестер.
Қатысушылар үшін маңызды:
- Регламент: 10 мин. (қатаң сақталуы міндетті);
- Үлгіге сәйкес презентация;
- Презентацияның бірыңғай логотипі;
- Электрондық презентациямен қатар қосымша ақпараттық материалдарды (макеттер және т.б.) ұсынуға рұқсат етіледі, бұл үшін комиссия мүшелері қосымша ұпай беруі мүмкін.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Қосымша ақпарат алу үшін Ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасарларына немесе Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесіне хабарласыңыз. Телефон: 1142,(8-747 414 59 91) е-maіl: projects.zhu@gmail.com
#SDG #ЦУР #ТДМ

