




2026 жылғы 17 наурыз күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының негізі» атты пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және адалдық қағидаттарын кеңінен насихаттау.
Пікірсайыс барысында қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, сыни ойлау, дәлел келтіру және пікір қорғау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Турнир жастардың азаматтық ұстанымын нығайтуға және белсенді қоғамдық позициясын қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
Аталған пікірсайыс турнирі жастардың құқықтық санасын дамытуға және әділ, ашық қоғам құру жолындағы маңызды бастама болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

