


Құзыреттер және қосымша білім беру орталығының базасында педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушылар оқуын сәтті аяқтады.
Бағдарламаның мақсаты — бейінді магистратураны бітірген мамандарды жоғары білім беру жүйесіндегі белсенді ғылыми-педагогикалық қызметке сапалы даярлау. Бағдарлама тек теориялық негіздерді беруге ғана емес, сонымен қатар өзекті кәсіби білім алуға және маңызды ғылыми құзыреттіліктерді дамытуға мүмкіндік беруге бағытталған.
Оқу үдерісі барысында тыңдаушылар заманауи педагогикалық технологияларды меңгеріп, құнды практикалық дағдыларын дамытты. Академиялық ортаның атмосферасы мен менторлықтың жоғары деңгейі тыңдаушыларға жағымды әсер қалдырды.
«Біз тереңдетілген мамандандырылған білім алдық және оны алдағы педагогикалық қызметімізге енгізуге дайынбыз. Бұл оқу бізге заманауи университеттегі оқытушының рөліне жаңаша қарауға мүмкіндік берді», — деп атап өтті түлектердің бірі.
Университет даярланған мамандар академиялық шеберлік деңгейін көтере отрып, өңірдің білім беру ортасын дамытуға елеулі үлес қосатынына сенімді. Түлектерімізге кәсіби табыс пен жаңа ғылыми жаңалықтар тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ






