2026 жылдың 16 наурызында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша олимпиада өтті. Бірінші кезеңде 1-3 курс студенттері арасынан іріктелген 16 қатысушы лексика-грамматикалық тест тапсырды. Ақтық сынға жолдама алған 6 студент әдеби шығармаларға талдау жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әділ-қазылар құрамында ф. ғ. к., профессор м. а. М.Т. Джакыпбекова, ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор А.С. Шыныбекова және магистр, оқытушы-дәріскер Есимбекова Д.Б. төрелік етті. Олимпиада қорытындысы бойынша 3-орынды ҚТӘ 311 тобының студенті Құмарбек Еркежан, 2-орынды ҚТӘ 311 тобының студенті Тастыбай Аяулым және 1-орынды ҚТӘ 211 тобының студенті Қамбар Гүлмира иеленді. Факультет деканы, философия докторы (PhD) Р.С.Желдибаева олимпиаданы қорытындылап, қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыстады. Пән олимпиадасы студенттердің білімін жетілдіруге, шығармашылық ізденісін арттыруға және мемлекеттік тіл мен ұлттық әдебиетке деген құрметін нығайтуға зор мүмкіндік берді.

