Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының эдвайзерлері Қ.Шетиева, Н.Ермекова, К.Забиеваның басшылығымен, 6B01505–Информатика 3-курс білімгерлерінің ұйымдастыруымен 18-ші наурыз күні «Қош келдің Әз-Наурыз» атты ойын-сайысы өткізілді. Сайысқа кафедраның 1-2-ші курс білімгерлері қатысты. Бұл сайыстың мақсаты — студенттерге қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарды, бірлік пен татулықты және ізгілік пен құрметті дәріптеу. Іс-шара барысында білімгерлер белсенділік танытып, жоғары деңгейде дайындықпен келгендерін көрсетті. Әр топ өз білгендерін ортаға салып, өзара сайысқа түсті.
Жарыс аяқталғаннан кейін әділ-қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, барлық қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар және сыйлықтар табыстады. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті.



