2026 жылдың 19 наурызында І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, Гуманитарлық факультет, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Қаратаева Динара Галимбаевна, Қазақстан тарихы пәні бойынша МҚ111 (IP), МП111 (IP) топтарына «Қазақстан мәдениеті (XVIII–XIX ғғ. басы)» тақырыбында мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған ашық сабақ өткізілді.
Аталған сабақ ғылыми-танымдық бағытта құрылып, білім алушылардың тарихи-мәдени ой-өрісін кеңейтуге, ұлттық құндылықтарды терең түсінуге бағытталды. Сабақ барысында XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының рухани дамуы, әдебиеті мен өнеріндегі маңызды үрдістер жан-жақты талқыланды.
Сабақта дереккөздермен жұмыс, талдау, салыстыру әдістері тиімді қолданылып, білім алушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ерекше мән берілді. Нәтижесінде, ашық сабақ жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтіп, білімгерлер өз қабілеттерін шыңдады.




