Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай өткізілген Наурызнаманың онкүндігі аясында «Бір шаңырақ астында» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кештің ашылуы үш дәуірді бейнелейтін көріністен бастау алды. Көрермендерге ұлттық рухты сезіндіретін әсерлі қойылым ұсынылып, күй шертіліп, ән айтылды, би биленді. Шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Атап айтқанда, сырға салу, тұсау кесу, асық ату сияқты ұлттық дәстүрлер сахналанып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кешке Жетісу университетінің проректоры Б. Сериев, гуманитарлық факультеттің деканы және өзгеде қонақтар қатысып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендердің көңілінен шықты.

