«Заң мен тәртіп»

2026 жылы 26-шы наурыз  күні Жетісу университетінің Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының эдвайзері  Ермекова Набира Сагидуллаевнамен МИҚ211, ИҚ(IP)211, ИР(IP) 211 топтарында «Заң мен тәртіп» аясында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге нашақорлық, ұрлық, сотталған жастардың өкініші, зорлық-зомбылық көріністері және денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттер туралы 4 бейнефильм көрсетілді. Көрсетілген бейнематериалдар арқылы студенттер жаман әдеттердің адам өміріне тигізетін кері әсерін терең түсінді. Әсіресе, құқық бұзушылықтың салдары, адам тағдырына тигізетін зияны және дұрыс емес таңдау жасаудың өкінішке әкелетіні нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Кураторлық сағат барысында білім алушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Олар салауатты өмір салтын ұстанудың, заңға бағынудың және жауапкершілікті сезінудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу, саналы әрі жауапты тұлға тәрбиелеу болып табылады

AI Assistant