





2026 жылғы 20 наурызда Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасы Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетіне (Northwest Agriculture and Forestry University) ресми іссапармен барды. Шетелдік университетке барудың мақсаты — ауыл шаруашылығында, дәлірек айтқанда, дәнді дақылдарды өсіруде заманауи технологияларымен танысу, қытайлық университеттің теориялық және практикалық базаларын студенттерді бірлесіп даярлауда пайдалану мүмкіндіктерін талқылау.
Кездесу барысында Жетісу университетінің өкілдері аталған университеттің ғылыми лабороторияларында ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулерге қажет құрал-жабдықтармен және технологиялармен танысты. Сонымен қатар, қазақстандық делегация Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің арпа, бидай, соя және т.б. дақылдарды өсіретін практикалық базасына барып, қытайлық әріптестердің іс-тәжірибесімен танысты. Бұл іссапар Жетісу өңіріне және жалпы Қазақстанға пайдалы және бәсекелі кадрларды даярлаудың негізі болатыны сөзсіз.
#SDG #ЦУР #ТДМ







