




Құзыреттер және қосымша білім беру орталығы 2026 жылғы 10-20 наурыз аралығында «Географияны оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолдану» атты қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсын ұйымдастырып, өткізді.
Оқу бағдарламасын «8D01505 – География» білім беру бағдарламасының докторанты А.С. Нұрғазина «Географияны оқыту үдерісінде жасанды интеллект (AI) қолданудың теориялық-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы докторлық диссертациясы аясында орындалған ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша әзірледі.
Оқытуға «География» білім беру бағдарламасының оқу үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан 3-4 курс студенттері қатысты.
Бағдарлама география мұғалімдерінің цифрлық технологияларды пайдалану саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқу барысында тыңдаушылар жасанды интеллект негізіндегі деректерді визуалдау құралдарын, автоматтандырылған оқыту құралдары мен ЖИ-веб-қосымшаларын оқу үдерісіне тиімді интеграциялау бойынша дағдыларын арттырды.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар бағдарламаның практикалық маңыздылығын, өзектілігін және алынған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдану мүмкіндігін атап өтті.
Бағдарламаны іске асыру болашақ педагогтардың кәсіби дағдыларын дамытуға және олардың заманауи цифрлық білім беру ортасында жұмыс істеуге дайындығын арттыруға ықпал етті.
#SDG #ЦУР #ТДМ

