Шанси ғылым және технология университетіне іссапар (Қытай)

2026 жылғы 20 наурызда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің делегациясы Қытай Халық Республикасы Шанси провинциясы Сиань қаласында орналасқан Шанси ғылым және технология университетіне ресми іссапармен барды. Қытай университетінің басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, екі тараптың білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында меморандумға қол қойылды.

Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев университеттің академиялық және ғылыми әлеуетімен таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы ойларымен бөлісті. Сиань университеті өкілдері, өз кезегінде, академиялық алмасу, бірлескен іс-шараларды өткізуге, екі тараптан бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға, білім беру саласында әрі ғылымдағы технологиялармен бөлісуге даярлығын білдірді.

Шанси ғылым және технология университеті 1958 жылы құрылған. Ол Қытай Халық Республикасындағы мемлекеттік көпсалалы жоғары оқу орны. Университет бастапқыда жеңіл өнеркәсіп саласына бейімделген институт ретінде құрылғанымен, қазіргі уақытта инженерия, материалтану, химия және технология бағыттары бойынша мамандар даярлайтын заманауи университет. Оқу орны білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметін өндірістік тәжірибемен ұштастыруға басымдық береді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant