Қытайдың аграрлық орталықтарымен ынтымақтастықты нығайту

2026 жылғы 21 наурызда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің делегациясы Қытай Халық Республикасына жасалған ресми іссапары аясында Шанси провинциясы Интай ауданы Тоңчуань қаласында орналасқан Ючун ауылшаруашылық жылжымалы бақшасына барды (Yuchun Agricultural Mobile Orchard).

Аталған бақша маусымнан тыс кезеңде жеміс ағаштарының өнімін алуда ақылды жылыжайларды тиімді пайдаланумен ерекшеленеді. Заманауи егу әдістері мен интеллектуалды басқару жүйелерін енгізу арқылы Ючун ауылшаруашылық жылжымалы бақшасы зерттеу орталығы ретінде механизациялау, цифрландыру және ірі көлемде өндіріс жүргізу бағытында айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Сонымен қатар, орталық жергілікті білім беру ұйымдары үшін практикалық база қызметін атқарып, сауықтырылған жеміс-жидек ағаштарын өсіруде озық технологияларды қолданады.

Бақша директоры 35 жылдық өндірістік тәжірибесінде 68 патентке ие болып, 42 мемлекеттік сыйлық алған, сондай-ақ 1800-ден астам білім алушының кәсіби қалыптасуына үлес қосқан. Жылжымалы бақша басшылығы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттерін оқытуға, оқытушылар арасында академиялық алмасуды жүзеге асыруға, жалпы өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.

Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев бұл ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, аталған ісспардың көрші екі ел арасындағы білім мен ғылым саласындағы серіктестікті нығайтудың маңызды қадамы екенін жеткізді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant