Академиялық ұтқырлықтан оралған студенттердің педагогикалық практика есебі

2025-2026 оқу жылында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасының Нийде Омер Халисдемир жоғары оқу орнында білім алып қайтты. Осыған байланысты олардың педагогикалық практика мерзімі кейінге шегеріліп, оқу жоспарына сәйкес қорытынды есептері белгіленген уақытта қабылданды. Студенттердің академиялық ұтқырлық нәтижелері мен тәжірибелік дағдылары толық ескеріліп, 2026 жылы 27 наурыз күні қорытынды есептері университеттің талаптарына сай өткізілді.

AI Assistant