







«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінде «Шығармашылық ортада зияткерлік мәдениетті ұстану» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Музыкалық білім, Көркем еңбек, графика және жобалау, дизайн білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Семинардың алғы сөзін университеттің комплаенс-офицері Б.Ж. Кабыкенов сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, облыстық Д. Рақышев атындағы филармонияның заңгері Т.С. Жапабаев «Шығармашылық ортада зияткерлік мәдениетті ұстану» тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.
Оқытушы-дәріскер Г.М. Ожарова өз сөзінде құқықтық мәдениет пен академиялық адалдықтың маңызын атап өтті.
Іс-шара соңында факультет деканы Е.К. Утегенов мұндай кездесулердің жастар үшін маңыздылығына тоқталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

